Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 7 жастағы балаға іздеу салынды (фото)

Опубликовано:

Балақай1
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Зубовск ауылында 7 жастағы балаға іздеу салынды. Балақайды іздеуге еріктілерден бөлек, полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция дептарментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Балақайдың ата-анасы бүгін түн ортасында үйдің ауласынан 7 жастағы балаларының жоғалып кеткенін айтып, полицияға хабарласқан. Анасының сөзінше, ұлы әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, кейін жоғалып кеткен.

Ол "Украина" деп аталатын велосипед теуіп жүрген.

Анықталғандай балақай кеше күндізгі төрт шамасында үйден шыққан содан бері одан әлі хабар жоқ.

Ал ата-анасы өздігінен ұлдарын таба алмаған соң, полицияға жүгінген.

Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері Эдуардтың қайда екенін анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Балақайды іздеу жұмысына Алтай аудандық полиция басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінен тәжірибелі қызметкерлер тартылған.

Сонымен қатар іздеу жұмыстары ШҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Криминальдық полиция қызметкерлері мен полицияның учаскелік инспекторлары Зубовск мен Снегирево ауылдарын тексеріп шыққан.

Сонымен бірге із-түзсіз кеткен баланың қайда болуы мүмкін екені жайлы нұсқалар да қарастырылған.

Сондай-ақ, құзырлы орган өкілдері, қызмет көрсетілетін аймақты, қараусыз қалған құрылыстарды, саябақтар мен скверлерді қарап шыққан.

Полицейлер ақыры кішкентай Эдуардпен бірге бұрын таныс 19 жастағы Зубовск ауылының жергілікті тұрғыны болғанын анықтаған. Осыдан кейін олар екеуі де белгісіз бағытта кеткен.

Іздеу салынған Эдуард Жилиевтың белгілері: Шашы ақ сары, көзі қоңыр. Үстінде сұр футболка, сұр спорттық үлгідегі шалбар мен аяғыңда күңгірт-сұр кроссовки бар.

Полиция егер кімде-кім із-түзсіз кеткен Эдуард Жилиевке қатысты қандай бір ақпарат білсе "102" нөміріне хабарласуын сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында жоғалған Әшірхан Хайдаровты туыстары бір жылдан бері іздеп жатқанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпанидің жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Жеткіншек 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы куәгерлердің соңғы рет Ленджери ауылында көргендігі айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871805-sko-da-7-zastagy-balaga-izdeu-salyndy-foto/

pixel