Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия коронавирустың екінші толқыны басталғанын жария етті

Опубликовано:

туркия
Көрнекі фото: Nicole Tung/Bloomberg via Getty Images

Түркия халқы коронавирустың екінші кезеңін басынан өткеруде. Қалаларда инфекция жұқтырғандар саны қайтадан көбейіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түркия денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазір елде коронавирустың екінші толқыны жүріп жатыр. Анкара, Стамбул, Измир, Бурса қалаларындағы көрсеткіштер айтарлықтай нашар деп жазады Daily Sabah.

Елдің шығыс бөлігіндегі Газиантеп, Шанлыурфе, Мардин, Эурзурумда вирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр.

Министрліктің деректеріне сүйенсек, сәрсенбі күні елде 1596 коронавирус жұқтырған адам анықталған. Бұл маусымнан бері ең үлкен көрсеткіш.

Түркия ДСМ берген ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта елде 273 301 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 6462 аурудан қайтыс болып, 246 876 індетті жеңіп шыққан.

Қазір Түркия астанасы Анкарада ең көп вирус жұқтырғандар тіркелген. Одан кейін Стамбул қаласыда бұл көрсеткіш екі есеге төмен.

Сонымен, әлеуметтік қашықтыққа байланысты шаралар қабылданды. Ал егде жастағы адамдарға бірнеше мекемелерге баруға тыйым салынды. Одан бөлек, 4 қыркүйектен бастап әртүрлі жаппай іс-шаралар мен тойларды уақытша тоқтау туралы шешім қабылданды. Дегенмен Түркия билігі коменданттық сағат енгізбеу туралы шешім шығарды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 88 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Осылайша еліміздегі науқастар саны 106 032-ге жетті.

Сондай-ақ, бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 12-ге артты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872341-trkia-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-bastalganyn-zaria-etti/

pixel