Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕҰУ Times Higher Education әлемдік рейтингте көш басынан көрінді

Опубликовано:

Бас ғимарат ЕҰУ
Фото: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2020 жылғы 2 қыркүйекте жарияланған Times Higher Education университеттерінің британдық рейтингіндегі көрсеткіштерді едәуір жақсартып, көш басынан көрінді.

Нақты мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы ЖОО интернационалдандыру, зерттеу қызметі және дәйексөздер бойынша деректерді күшейтті.

Атап айтқанда, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ физик-ғалымдары Рәтбай Мырзақұлов, Максим Здоровец, Артем Козловский 2019 жылы әлемдегі ең көп айтылған жұмыстар авторларының 1% - ына кіріп отыр.

Мәселен, Web of Science бойынша ЕҰУ ғалымдарының 2018-2020 жылдардағы бір мақаласының орташа дәйексөзі 1,72 құраса, бұл ретте Қазақстан бойынша ғалымдардың дәйексөзі – 1,59. Scopus деректер базасы бойынша ЕҰУ көрсеткіші 1,96, ал еліміз бойынша – 1,8-ге тең.

Нәтижесінде, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдарының дәйексөзі республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Айта кету керек, биылғы оқу жылында университет 10 серіктес ЖОО – мен бірлескен бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық гранттар және т.б. аясында әлемнің 20 елінен 714 студент шетелдік білім алушыларды тартып отыр.

Сондай-ақ Еуразия ұлттық университеті осымен үшінші жыл қатарынан Times Higher Education рейтингінде Қазақстанның атын әлемге әйгіледі. Егер екі жыл бұрын бұл рейтингке тек екі қазақстандық ЖОО кірсе, биыл олардың саны алғаш рет үшке дейін өсті.

Тағы бір айта кететін жәйт, биылғы жылы рейтинг лигасының кестесіне әлемнің 93 елінен 1500 мекеме еніп, рейтинг үшін 13 миллион ғылыми жарияланымның 80 миллионнан астам дәйексөздері талданса, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 22 000 ғалымның сауалнамаларына жауаптар қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872450-eu-times-higher-education-lemdik-rejtingte-ks-basynan-krindi/

pixel