Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда енді "оралман" сөзі қолданылмайды

Опубликовано:

Паспорт құжат3
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес, "оралман" термині "қандас" болып өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұйрық 2021 жылы қаңтар айында күшіне енеді.

Бұйрықта көрсетілгендей, қандастар- тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстанға келген және осы заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтар және Қазақстан егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

Заңда тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгіну керек.

Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарды "оралман" сөзінен бас тартуға шақырған болатын.

"Мен бұрын айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты айтылатын "оралман" сөзінен бас тартып, орнына Қандас терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады", - деген еді президент.

Кейін мемлекет басшысы шетелдегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік берген тарихи құжатты көрсетті.

"18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн астам қазақ көшіп келді", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872488-kazakstanda-endi-oralman-szi-koldanylmajdy/

pixel