Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұмауға қарсы екпені кімдер тегін алады

Опубликовано:

Алматы вакцина
Фото: Хабар 24

Алматы дәрігерлері тұрғындарға тұмауға қарсы екпені алу керек деп кеңес беріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Өйткені, күздегі тұмау коронавируспен қосарланып науқастың халын нашарлатып жібереді. Сондықтан құрғақ жөтел, мұрынның бітуі, дененің сырқырап ауруы сынды белгілері бар тұмау дұрыс емделмесе, бактериялық пневмонияға асқынып кетуі мүмкін.

Оның алдын алу үшін елімізде жылда тұмауға қарсы екпе кейбір санаттағы азаматтарға  тегін салынады. 18 жасқа дейінгі созылмалы аурулары бар балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, мектеп интернаттары мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға, мүгедек жандар мен созылмалы аурулары бар азаматтарға және 60 жастан асқан тұрғындарға тегін салынады.

"Тұмауға қарсы екпе 18 жасқа дейінгі созылмалы аурулары бар балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, мектеп интернаттары мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға, мүгедек жандар мен созылмалы аурулары бар азаматтарға және 60 жастан асқан  тұрғындарға тегін салынады",- деді Алмалы ауданы «медициналық-санитарлық алғашқы көмек беру орталығы» педиатрия бөлімінің меңгерушісі Майра Макеева.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте елімізде тұмауға қарсы вакцинация науқанының 15 қыркүйекте басталатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872715-tmauga-karsy-ekpeni-kimder-tegin-alady/

pixel