Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясы мөлшерін ұлғайтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2000 жылдың 3 сәуіріндегі "Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" жарлығына өзгеріс енгізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын", - делінген тиісті құжат мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін стипендия көлемі 20 айлық есептік көрсеткішке тең болатын.

Қазақстанда бір АЕК - 2 778 теңге, тиісінше, енді мәдениет қайраткерлері айына 152 790 теңге алатын болады.

2020 жылдың қаңтар айында Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясын" алған еді. Олардың арасында Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Канн фестивалінің лауреаты Самал Еслямова бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін құруды ұсынған еді.

Кеше, мемлекет басшысы Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Кездесу барысында бір ай ішінде жаңа министрлік құрылатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873083-tokaev-mdeniet-salasyndagy-elbasy-stipendiasy-mlserin-lgajtty/

pixel