Қазақстан Швейцарияның карантиндік тізімінен шығарылды

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Швейцарияның Денсаулық сақтау федералды кеңсесі азаматтар шетелден қайтып оралғанда карантинге жатуды қажет ететін керек елдер тізімін жаңартты. Қазақстан енді коронавирс бойынша "қауіпті" мемлекеттер тізімінде жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы FOPH ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми сайтта хабарланғандай, Швейцарияның азаматтары барып келген соң карантинде болатын елдерінің жаңа тізіміне он штат қосылған.

Сондай-ақ, сегіз мемлекет тізімнен шығарылыпты: оның ішінде Қазақстан мен Қырғызстан бар.

Аталмыш өзгеріс 7 қыркүйектен бастап күшіне енді. Карантин жарияланған он елдің тізіміне Гвиана, Ливан, Ливия, БАӘ, Парагвай, Сан-Марино, Тринидад пен Тобаго, Украина, Француз Полинезиясы және Хорватия кіргені белгілі болды.

Бұл тізімге Бельгия, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Мексика, Оман, Сальвадор және Свазиленд енбеген.

Айта кету керек, Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем елдері орын алған жағдайлардан сабақ алып, жаңа пандемияларға дайындалуы керек екенін айтты.

Еске салсақ, Қазақстандағы коронавирустың жағдайы туралы жаңартылған статистикалық деректер жарияланды. 7 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған 64 жағдай тіркелді.

Оған қоса, соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте елмізде тағы 7 адам COVID-19-бен оның белгілері бар пневмониядан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873131-kazakstan-svejcariany-karantindik-tiziminen-sygaryldy/