Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Байқоңырдағы қондырғылардың бір бөлігін Қазақстанға ұсынды

Опубликовано:

Байқоңыр1
Көрнекі фото: Roscosmos Press Office\TASS via Getty Images

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы Қазақстанға "Энергия-Буран" бағдарламасы аясында құрылған бұрын кеңестік "Буран" орбиталық ғарыштық-зымыран ұшағы ұшырылған ұшыру алаңының жабдықтарының бір бөлігін алып кетуді ұсынды. Бұл ақпарат Жердегі ғарыштық инфрақұрылым объектілерін пайдалану орталығында айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталықтың мәліметінше, Байқоңыр ғарыш айлағының 110 алаңында "Энергия" зымыран тасығышын ұшыру кешені орналасқан.

Қазіргі уақытта нысанды "ЦЕНКИ" АҚ филиалы – "Южный" ғарыш орталығы күзетеді. Алайда ол қызметтен шығарылды, алаңда ешқандай жұмыс жүргізілмейді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл жерде алаңның кейбір қондырғыларын, атап айтқанда жер үсті кабельдік каналдарын беру мәселесі талқыланып, келісіп жатқандығы айтылды.

Ресей жалдаған және пайдаланбаған мүлікті қайтару туралы тиісті ұсыныс жіберілді. Бұл мәселе қазір қарауда жатыр.

Еске салсақ, биыл 8 сәуірде мемлекет басшысы "Байқоңыр" кешеніндегі президенттің арнаулы өкілін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Лауазымды орынға Серік Сүлейменов жайғасты.

Одан бөлек, Флоридадағы ғарыш айлағында 30 мамырда ұшырылған "Фалькон-9" ғарыш зымыраны Crew Dragon кемесін ғарышқа алып шыққан еді. Илон Масктің SpaceX корпорациясы жасаған ғарыш кемесімен екі америкалық ғарышкер ұшты. 6 маусым күні ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйіскен болатын.

Жыл басында Американың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) Artemis бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталғанын жариялаған еді. Аталған бағдарлама шеңберінде Ай мен Марсқа басқарылатын ұшу жүзеге асырылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873136-resej-bajkoyrdagy-kondyrgylardy-bir-bligin-kazakstanga-syndy/

pixel