ZOOM-дағы сабақта порно көрсеткені рас па: Ақтөбелік ата-аналар дабыл қағуда

Опубликовано:

Бала1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбелік ата-аналар әлеуметтік желіде дабыл қақты. Айтуларынша, алтыншы сыныптың ZOOM-дағы онлайн сабағы үстінде порно жазбалар пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Facebook пен Instagram желілерінде бұл оқиғаға қатысты жазбалар жарық көрді. Қалалық білім бөлімі оқиғаның растығына тексеріс жүргізіп жатыр.

"Біздің шағымымызды қарауды өтінеміз! ZOOM білім беру қосымшасы кибер шабуылдарға ұшырап жатыр. Өкінішке орай, біз де бұл жағдайға тап болдық. Ақтөбе қаласы, ... мектеп, 6 сынып. Сабақ үстінде пайда болған түсініксіз адам балаларға бейәдеп сөздер жазды. Неліктен осы қосымшаны әлі күнге пайдаланып жүрміз? Балалар неге қорғалмайды? Бұл жағдай қашанға дейін жалғаса береді? Баланың психологиясын зақымдамай, дұрыс оқу әдістемесін қарауларыңызды сұраймыз!",– дейді жазбаның авторы.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі осы оқиғаға байланысты анықтау жұмыстарының басталғанын хабарлайды.

"Осы жайға қатысты зерттеу жүргізіліп жатыр. "Ақтөбе" деп жазылғанымен қала немесе аудан екені әзірге белгісіз. Мектепке немесе білім басқармасына ұстаздардан, ата-аналардан ескерту әзірге түскен жоқ. Желідегі жазбада балалардың аты жазылған. Бірақ тек баланың атымен табу мүмкін емес. Әзірге анықтау, іздестіру жұмыстары жүруде. Қосымша ақпарат хабарланады",– дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаева.

Еске салсақ, елордада әлдебіреулер порно-видеоны онлайн сабақ барысына қосып жіберген. Бесінші сынып оқушылары білім нәрімен сусындап жатқанда әлгі сорақы көз алдарынан шыға келіпті.

Министрліктің мәліметінше, ұятсыз видео өтіп кеткен онлайн сабақтың сілтемесін оқушылардың бірі жариялап қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873166-zoom-dagy-sabakta-porno-krsetkeni-ras-pa-aktbelik-ata-analar-dabyl-kaguda/