jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда тамыз айындағы жаңбыр 20 жылдық рекордты жаңартты

жаңбыр қала 65
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМҚ-ға сілтеме жасап.

Осылайша, Қазақстанның солтүстік бөлігінде, сондай-ақ еліміздің орталығы, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген аудандарда температура тамыз айында нормадан 1-3°С-қа жоғары болған.

Ал еліміздің батысында және оңтүстік-батысында (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары) кей жерлерде нормадан 1-2°С төмен болған.

Сонымен қатар ел аумағының басым бөлігінде түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәндер шамасында өзгерген. Мәселен Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде нормадан 1-4 есе көп жауын жауған.

Мысалы, 6 тамызда бір түн ішінде Маңғыстау облысының Ақтау метеостанциясында 66 мм жауын жауып, ол айлық нормадан 11 есе асып түскен (бір айдағы норма 6 мм). Бұл көрсеткіш бақылау тарихында рекордтық болды.

Қызылорда облысында Шиелі метеостанциясында 1 тамызда 17 мм жауын-шашын түскен. Бұл айлық нормадан 8 есеге (айылқ норма 2 мм) артық. Осылайша бұл станцияда да рекордтық көрсеткіш тіркелген.

Түркістан облысының Қазығұрт метеостанциясында 26 тамызда 15 мм жауын-шашын түскен. Бұл аймақ үшін айлық норма 4 мм. Алайда бұл жолы шамамен 4 айлық жауын-шашынның мөлшері тіркеліп, 20 жыл бұрынғы яғни 2001 жылғы тіркелген рекордтты жаңартқан.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК 8-10 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжамын ұсынған еді. Мамандардың мәліметінше, республиканың орталығы мен шығысындағы аудандарда түнде және таңертең үсік жүреді.

Сондай-ақ бұған дейін белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова күздің бірінші айына болжам жасаған болатын.

Қазақстанда тамыз айындағы жаңбыр 20 жылдық рекордты жаңартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.