Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коммунист депутаттар қашықтан білім беруді дәстүрлі форматқа ауыстыруды талап етті

Опубликовано:

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова қашықтан оқыту форматының тиімділігіне күдік келтіріп, премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Халқымыз өз тарихында сан алуан жағдайға тап болған. Соғыс жылдары, тіпті, сүзек, оба мен туберкулез сияқты аурулар өршіп тұрғанда ел бойынша мектептер жабылған жоқ. Сабақтар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрған. Бірақ санитарлық нормалар қатаң сақталды", – дейді Смирнова.

Депутаттың айтуынша, бұрын санитарлық нормаларды сақтау оңай болған жоқ. Себебі заман басқа, елдің жағдайы да басқаша еді.

Ал қазіргі кезде қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуге болады. Оған барлық мүмкіндік бар. Соған қарамастан, мектептер мен жоғары оқу орындары көбінесе қашықтан жұмыс істейді.

Салдарынан білімнің сапасы төмендеген. Балалардың техникалық мүмкіндігі бірдей емес. Содан білім алу жағынан теңсіздік анық байқалған. Ата-аналар болса, жұмыс істеудің орнына балалардың жанында отыруға мәжбүр.  

"Ал санитарлық қызметтер қашықтан оқытудың тиімділігін нақты түсіндіре алмай отыр. Олар көбінесе мәжбүрлеу, тыйым салу мен жазалау форматында жұмыс істейді. Өздерін ғана ойлайды, салдары тиіп кете ме деп қорғанады", – дейді Ирина Смирнова.

Оның сөзінше, санитарлық қызметтер жауапкершіліктен де қашады. Оларға қандай да бір жағдайда нақты эпидемиологиялық шараларды қолға алудың орнына бәрін жауып тастаған тиімді. Осы ұстанымның кесірінен бизнес шығынға ұшырып, жұмыс орындары жабылып жатыр.

"Осыған байланысты коммунист депутаттар қазіргі қағидаттарды өзгертіп, қашықтан білім беруді дәстүрлі және аралас режимге ауыстыруды талап етеді. Әрине, санитарлық нормалар сақталуы шарт. Білім және ғылым министрлігі оқушыларға білім алуға тең жағдай жасауы тиіс", – дейді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, желіде Қазақстан оқушыларын кезең-кезеңімен мектепке қайтару туралы денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі болуы мүмкін құжаттың жобасы жарияланған еді.

Айта кетейік, осыған дейін білім және ғылым министрлігі оқушылар 7 қыркүйектен бастап мектепке оралады деген қауесетке қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873400-kommunist-deputattar-kasyktan-bilim-berudi-dstrli-formatka-auystyrudy-talap-etti/

pixel