Бекболат Тілеухан шетелге қару-жарақ сатуға өзінің қатысы бар деген қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Бекболат Тілеухан1
Бекболат Тілеухан. Фото: facebook.com/bekbolat.tleuhan

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде тараған видеоға жауап берді. Бейнежазбада депутаттардың шетелге қар-жарақ сатуға қатысы бары айтылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоролик YouTube арналардың бірінде жарияланған.

Кадр сыртындағы ер адамның дауысы ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірге Приозерсктегі әскери бөлімшеден техника сатып алып, оны Ресейге шығарып, жоғары бағаға сатқанын айтқан.

Ер адамның сөзінше, ол осы іске 35 млн салып, кейінірек 50 млн қылып қайтарып алған. Ролик кейіпкерінің айтуынша, Бекболат Тілеухан оған қорған болған.

"Тегін айтудың қажеті жоқ шығар. Тілеухан. Ол ҰҚК жұмыс істемейді. "Уикипедияны" ашыңыз, ол сізге оның қайда жұмыс істейтінін айтады", - дейді ер адам.

Осыған байланысты Бекболат Тілеухан өзінің Facebook парақшасында пікір білдірген.

" Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді.
Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші - видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім", - деп жазды мәжілісмен.

Сондай-ақ, ол жалған ақпаратты таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұраған.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Айта кетсек, бұған дейін мәжіліс депутатының коронавируспен ауырып қалғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ ол "Хақ" партиясын құрмақ болған келіні Тоғжан Қалиеваға қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873888-bekbolat-tileuhan-setelge-karu-zarak-satuga-zini-katysy-bar-degen-kauesetke-zauap-berdi/