Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой ең алғашқы болып тұмауға қарсы вакцина салдыруының себебін түсіндірді

Опубликовано:

Цой1
Фото: Денсаулық сақтау министрлігің ресми сайты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы вакцинаны неліктен ең алғашқы болып салдырғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Инфекциялар бір-бірімен қабаттасып кетпеу үшін тұмауға қарсы вакциналау науқаны биыл жылдағыдан екі апта ерте, яғни бүгіннен басталды.

Осы ретте еліміздің бас дәрігері Алексей Цой қазақстандықтар арасында тұмауға қарсы екпені бірінші өзіне салдырып, мұндай қадамға не себепті барғанын түсіндірді.

Министрдің сөзінше, ол осылайша тұмауға қарсы вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп, халықты инфекциялар маусымына дайындалуға шақырған.

Дегенмен ол кейбір жағдайларда адамдарға екпе салынбайтынын айтты.

"Тұмаудың белгілері, дене қызуы болғанда, әсіресе, ауру асқынған кезде вакцина салуға болмайды. Сондықтан дәрігерлер осы іспетті белгілердің бар-жоғын қарайды. Сосын жеке аллергиялық реакциялар болады. Оны да сұрайды. Бұл – вакциналауға дейінгі басты талап", - деді Цой.

Алексей Цойдың айтуынша, тұмауға қарсы вакцина қалыптастыратын қорғаныс алдағы уақытта бізге көмектесуі тиіс.

Еске сала кетсек, кеше Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте ЖРВИ мен тұмаудың толқыны қашан басталатынын айтып берді.

"Болжамға сәйкес, біз инфекциялардың - тұмаудың, ЖРВИ-нің көбеюі қарашаның соңында басталып, шыңы ақпан-наурыз айларында болады деп ойлаймыз. Коронавирус пен тұмаудың таралу жолдары бірдей - жанасу және ауа тамшылары, сондай-ақ алдын алу шаралары да бірдей, - деді Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874269-coj-e-algasky-bolyp-tmauga-karsy-vakcina-saldyruyny-sebebin-tsindirdi/

pixel