Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: 9 адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты1
Фото: diapazon.kz

16 қыркүйекте таңертең Ақтөбеде жолаушылар автобусының қатысуымен апат болды. Оқиға салдарынан сегіз адам жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Диапазон" басылымының хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, Mercedes-Benz көлігін басқарған 37 жастағы әйел жергілікті мейрамхананың автотұрағынан шығып келе жатқан. Бірақ солға бұрылмас бұрын, ол шеткі жолаққа ұстанбаған. Нәтижесінде "ПАЗ 320402" маршруттық автобусымен соқтығысу орын алды.

Неміс көлігінің жүргізушісі мен автобустың 7 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға барды, автобустағы бір жасөспірім жолаушы балалар медициналық мекемесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция апаттың барлық мән-жайын анықтауда.

Айта кету керек, оңтүстік астананың Бекмаханов көшесінде жан түршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды: "Lexus" автокөлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 14 жасар жеткіншек оқиға орнында көз жұмды.

Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысында екі жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, «Москвич» жүргізушісі бұрыла бергенде бетпе-бет келе жатқан Volvo жүк көлігіне жол беріп үлгермеген.

Еске салсақ, бұған дейін Алматының Іле даңғыл жолында Lada мен КамАЗ соқтығысып қалған еді.

Қайғылы жағдай 70 жол айырығы мен "Жұлдыз" ықшамауданы арасындағы Іле даңғыл жолында болған. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874650-aktbede-zolausylar-avtobusy-apatka-syrady-9-adam-zardap-sekti-video/

pixel