Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда үй құстарынан бөлек жабайы құстар да жаппай қырылуда

Опубликовано:

көгершіндер 123
Көрнекі фото: pixabay.com

Құс тұмауына байланысты жеті аудандағы он ауыл карантинге жабылған Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарынан бөлек, жабайы құстар да қырылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz басылымының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Sputnik Қазақстан ақпарынша, Петропавл көшелері мен қалалық саябақта қырылып жатқан қарғаларды, шымшықтарды, көгершіндер мен торғайларды көруге болады.

Сондай-ақ қалада ауру құстардың көбейгені хабарланды.

Қала тұрғындары көшелерде автокөлік басып кеткен көгершіндерді көп байқайтындарын жеткізді. Жүргізушілер де құстардың оғаш қылық танытып жатқандарын атап өтті. Айтуларынша, құстар көшеде тапжылмай отырып, көлік жақындаса да ұшпайтын болған.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданындағы 10 ауылда құс тұмауы өршіген соң карантин режимі енгізіліп жатқанын хабарлаған едік.

Ветеринария басқармасы басшысының хабарлауынша, зерттеу нәтижесін алып, құс тұмауы расталған соң облыстың Тимирязев, Тайшын, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында карантин енгізіледі.

Бұдан бұрын СҚО-ның 7 ауданында жаппай құс өлімі тіркеліп, оның себебі құс тұмауы екені хабарланды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, Қазақстан бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хабар берген.

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының үш ауданында үй құстарының жаппай қырылу фактілері тіркелгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875013-soltstik-kazakstanda-j-kstarynan-blek-zabajy-kstar-da-zappaj-kyryluda/

pixel