jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Туыстарының үйінде қонақтаған ер адамның чемоданынан мәйіт табылған

Сөмкелер
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық полиция Кентуккиде автобуста бес сағат бойы чемодандағы қыздың сүйегімен жүрген адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik радиосының хабарлауынша, Мелвин Мартин автобуспен Кентуккиден Иллинойстегі туыстарына келген. Олар оны үйіне алып келіп, қонақ қылған.

"Бірнеше күннен кейін Мартин үш чемоданын ашпаған кезде, ата-анасы күдіктене бастады. Сонымен қатар, олар ер адамның заттарынан шыққан жағымсыз иісті байқады.

Бір күні Мартин кітапханада болған кезде, оның отбасы чемодандарды тексеруге шешім қабылдады және сол жерден олар адам денесінің бөліктерін тауып алыпты.

Мартиннің туыстары полиция шақырған. Тәртіп сақшылары мәйіттің Мартиннің 31 жастағы сүйіктісіне тиесілі екенін анықтады. Ер адам әйелмен Кентуккиде бірге тұрған. Тергеу мәліметтері бойынша, жәбірленуші тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болған. Оның денесі кем дегенде бір ай бұрын бөлшектелген.

Қазіргі уақытта Мартин қамауға алынды. Оған кісі өлтірді деген айып тағылады деп болжануда.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттегі мәйітханада жұмыс істейтін қызметкер өз қызметінің қыр-сырын айтқан еді.

Айта кетейік, АҚШ қалаларының бірінде көшеде шалбарды түсіріп киюге рұқсат етілді.

Белгілі болғандай, 13 жыл бұрын Флорида штатының Опа-Лока қаласында шалбарды "ауын салбыратып" кигенге тыйым салынған екен деп жазады AP News. Билік адамның іш-киімі көрініп қалатындай деңгейде шалбарды түсіріп киюді әдепсіздік қатарына жатқызып келген.

Туыстарының үйінде қонақтаған ер адамның чемоданынан мәйіт табылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.