Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей 21 қыркүйектен бастап Қазақстанмен әуебайланысты қайта жандандырады

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ресей Федерациясы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасымен әуе қатынасын қайта жандандырады. Бұл туралы журналистерге жұма күні Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей Федерациясы 21 қыркүйектен бастап бірқатар елдермен әуебайланысын қайтадан іске қоспақ. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан мен Беларусь мемлекеті бар.

Әуе рейстері аптасына бір рет жіберіліп отырады.

Одан бөлек, Риа Новости басылымының хабарлауынша, 27 қыркүйектен бастап, Ресей Оңтүстік Кореямен де әуе қатынасын қайта жандандырмақ.

Айта кетейік, Қазақстан 20 қыркүйектен бастап, көршілес Қырғызстанмен әуе қатынасын қайта іске қосады. Алғашқы рейс күні ертең ұшады.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамыздан бастап Қазақстаннан Түркияға рейстер қайта жанданған еді. Елдер арасындағы әуе қатынасы тамыздың басында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тоқтатылды.

Одан бөлек, 16 қыркүйектен бастап, Польша мемлекеті қазақстандықтар үшін шекарасын ашқаны белгілі болды.

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан бұдан бұрын тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды. Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Қос ел арасындағы әуе рейстері бүгінде сәтті түрде жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875154-resej-21-kyrkjekten-bastap-kazakstanmen-uebajlanysty-kajta-zandandyrady/

pixel