Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бес адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Опубликовано:

Індет
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустан төрт адам және өкпе қабынуынан бір адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3667 адам ем алуын жалғастыруда, оның ішінде 36 бала бар. Ауруханаларда 1873 науқас, амбулаториялық деңгейде 1794 науқас жатыр.

"97 адамның жағдайы ауыр, 13-і өте ауыр халде, 17-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 45 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл кешегі көрсеткішке қарағанда әлдеқайда төмен.

Айта кетсек, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты.

Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Билл Гейтске айтуынша, АҚШ қалыпты өмірге келесі жазда оралуы мүмкін.

Еске сала кетейік, филантропқа коронвирусты жасап шығарды деген айып тағылды.

Кейінірек, филантроп адамзатқа вакцина арқылы чип енгізуге қатысты айыптауларға жауап берді. Ол өзіне байланысты "негізсіз" сөз байласу теорияларын жоққа шығарды.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның клиникалық сынағына қатысатын еріктілерге 200 мың теңгеден төленетінін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875283-kazakstanda-tagy-bes-adam-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kajtys-boldy/

pixel