Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы дәрі өндіруші: індеттің екінші толқыны қарашада болуы ықтимал

Опубликовано:

Репик 123
Алексей Репик. Фото: ТАСС / Донат Сорокин

COVID-19 індетіне қарсы бірқатар препараттарды өндіретін ресейлік "Р-Фарм" компаниясының иесі Алексей Репик коронавирустың екінші толқыны қарашаның соңы – желтоқсанның басында болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Оның пікірінше, Ресейде жыл соңына дейін коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 2 миллион адамға жетуі ықтимал.

Сондай-ақ Репик вирус жұқтырған ресейліктердің нақты саны екі-үш есе көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Соңғы деректерге сәйкес, Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 109 595 адамға жеткен. Олардың 911 973-і жазылып шықса, 19 489 науқас көз жұмған.

Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, өткен тәулікте елімізде 45 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Жалпы республика бойынша ауырғандар саны 107307-ге жетті.

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте коронавирустан төрт адам және өкпе қабынуынан бір адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3667 адам ем алуын жалғастыруда, оның ішінде 36 бала бар. Ауруханаларда 1873 науқас, амбулаториялық деңгейде 1794 науқас ем алып жатыр.

"97 адамның жағдайы ауыр, 13-і өте ауыр халде, 17-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі елімізде қазан айында карантин болады ма деген сауалға жауап берген еді.

Маманның айтуынша, бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесі коронавирус індетінің екінші толқынына тойтарыс беруге барынша әзір отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875392-koronaviruska-karsy-dri-ndirusi-indetti-ekinsi-tolkyny-karasada-boluy-yktimal/

pixel