jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ адам ағзаларын заңсыз трансплантациялаған

46552
Көрнекі фото: pixabay.com

Криминалдық полиция департаментінің басшысы онлайн-брифинг барысында өткен жылы тәртіп сақшыларының адам ағзаларын заңсыз трансплантациялаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кескенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Қазақстаннан сексуалдық мақсатта пайдалану үшін шетелге қанша қыз шығарылғанын сұрады. Сондай-ақ, еліміздегі адам саудасы жөнінде сұрақ қойылды.

"Бұған дейін қыздарды сексуалдық құлдыққа салу үшін Бахрейнге жеткізу бойынша қылмыстық әрекеттер әшкереленгені туралы хабарланды. Сондай-ақ, көбіне оңтүстік облыстардың тұрғындары адам саудалаушылардың құрбаны болатыны айтылған. Бұл рас па? Немесе мұндай топтар барлық Қазақстан аумағы бойынша қызмет ете ме?", – деп сұрады журналистер.

Криминалдық полиция департаментінің басшысы атап өткендей, соңғы жылдары сексуалдық мақсатта пайдалану үшін қазақстандықтарды Бахрейн, Түркия және Оңтүстік Кореяға шығару жолдары кесілген. Ағымдағы жылы Қазақстанда адам саудасымен байланысты қылмыстар үшін 26 адам сотталған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері бұрын сексуалдық құлдыққа салу мақсатында шетелге жеткізілген 15 тұлғаның мекенжайын анықтаған.

"Былтыр екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Оның бірі адам ағзаларын заңсыз трансплантациялаған, ал екіншісі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастырған", – деді департамент басшысы.

Бұған дейін еліміздің ішкі істер министрлігі қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды шетелге алдап апарып, сексуалдық мақсатта пайдаланған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеген болатын.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Сауд Арабиясындағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Бахрейн полициясының көмегімен еліміздің 20-дан астам азаматшасын сексуалды құлдықтан босатып алды.

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ адам ағзаларын заңсыз трансплантациялаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.