Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахрейнде 20-дан аса қазақстандық бойжеткен сексуалды құлдықтан босатылды

Опубликовано:

Сауд Арабиясындағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Бахрейн полициясының көмегімен еліміздің 20-дан астам азаматшасын сексуалды құлдықтан босатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған елде 21 отандасымыз сексуалды құлдықта болған, қазір олар босатылған.

Ведомствоның мәліметінше, тез ақша табудың жолын іздеуге ниеттенген жас қыз-келіншектер алданып қалған. Оларды Бахрейн корольдігіне шақырып, құжаттарын күштеп тартып алып, интимді қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. СІМ мәліметіне сәйкес, қыздар Бахрейн астанасы – Манамаға барған.

Сексуалды құлдықта болған қыздарға талаптарға мойынсұнбаған жағдайда күш көрсетілгені белгілі болды.

Анықталғандай, аталған қылмыс бойынша күдіктілер ұсталған. Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар. Тергеу жүргізілуде.

Жәбірленушілер оңалту орталығына орналастырылды. Жақын арада олар елге қайтарылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда қазақстандық қыздарды секс-қызметтер нарығына тартумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840447-bahrejnde-20-dan-astam-kazakstandyk-kyz-kelinsek-seksualdy-kldyktan-bosatyldy/

pixel