Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда полицей жүргізушіні қорқытып, 50 мың теңге талап еткен

Опубликовано:

полицей 654
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Тәртіп сақшысы жұмыстан кейін Павлодар маңындағы ауылда автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушіге автокөлігін айып тұрағына, ал өзін қамауға алымын деп қорқытып, одан ақша талап еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға мамыр айында болған. Ол кезде елде төтенше жағдай режимі сақталып тұрғанын айта кету керек.

Бұрынғы полиция департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр.

28 жастағы тәртіп сақшысы 5 мамыр күні Павлодарское ауылында болған.

Ол автокөлікті тоқтатып, жүргізушіге себепсіз жолда жүргені үшін шағым айтқан.

Сосын азаматқа 24 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, өзі қамауға алынатынын, автокөлігі айып тұрағына қойылатынын айтқан. Алайда, 50 мың теңгеге мәселені басқаша шешуге болатынын жеткізген.

Полиция қызметкері сол күні кешке талап еткен сомасын алған. Кейін жәбірленуші өңірлік ПД ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгінген.

Қазіргі уақытта бұрынғы тәртіп сақшысына қатысты іс сотта қаралып жатыр. Ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жаза ретінде миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы Конгресс-Холлдың бұрынғы директоры 1,8 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда.

Сондай-ақ бұған дейін денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішевтің 500 миллион теңгені жымқырды деп күдіктеліп жатқанын хабарлағанбыз.

Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Еліманов бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын, ол ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаржыны жымқыру бойынша күдікке ілінгенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875441-pavlodarda-policej-zrgizusini-korkytyp-50-my-tege-talap-etken/

pixel