Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте пойыз пен жеңіл көлік соқтығысты (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласында пойыз бен “Mercedes-Benz” маркалы автокөлігі соқтығысты. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Polisia.kz сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, 21 қыркүйекте Шымкент қаласының Еңбекші ауданында Mercedes benz маркалы автокөлігінің пойызбен соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған. Аталған факті бойынша ешкімнің зардап шекпегені анықталды.

Белгілі болғандай, Mercedes benz автокөлігінің жүргізушісіне хаттама толтырылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысындағы Шоқпар бекетінде төтенше жағдай орын алғанын жазған болатынбыз. Анықталғандай екі вагон рельстен шығып кеткен, ал олардың біреуінің ішінде бензин болған. Соның салдарынан өрт шыққаны хабарланды.

Сонымен қатар, жақында Атырау облысының аумағында пойыз машинисті рельстің біткенін байқамай қалып, апатқа ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875486-symkentte-pojyz-pen-zeil-klik-soktygysty-video/

pixel