Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қай елдерге ұшып бара алады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Жақында қазақстандық әуе компаниялары рейстерін қалпына келтіретін елдердің тізімі кеңейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, тізім бас мемлекеттік санитар дәрігердің және COVID-19 күресу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері негізінде бекітілген.

21 қыркүйектегі жағдай бойынша:

  • Беларусь;
  • Германия;
  • Египет (чартерлік рейстер);
  • Қырғызстан;· Нидерланды;
  • БАӘ;
  • Ресей;
  • Түркия;
  • Өзбекстан;
  • Оңтүстік Кореяға ұшуға мүмкіндік бар.

Украинаға тұрақты рейстер 28 қыркүйекке дейін тоқтатылды.

Айта кету керек, елдердің әуе қатынасын қалпына келтіру туралы саяси шешіміне қарамастан, іс жүзінде әуе компаниялары рейстерді 21 қыркүйектен бастап емес, дайын болғаннан және ұйымдастырушылық мәселелер шешілгеннен кейін бастауы мүмкін.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 67 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, қауіпті дерт пен вирустық пневмониядан бес адамның өмірін жалмады.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 611 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 897 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты.

Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875516-kazakstandyktar-kaj-elderge-syp-bara-alady/

pixel