Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы көшесінің қақ ортасында атқа мініп, тағам жеткізбек болған жігіт жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Ат
Скриншот: kris_p_almaty

Алматы көшелерінің бірінде тұрғындар атқа мініп, тағам тасымақ болған жігіттің әрекетіне куә болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының тұрғындары көшенің қақ ортасында атқа мініп, тамақ тасыған жігітті видеоға түсіріп алды. Видео kris_p_almaty атты instagram-паблигінде жарияланды.

"Кей жерде тағамды көлікпен, мопедпен тасыса, Қазақстанда болса ат үстінде тасиды. Өкінішке қарай, клиент тағамын атпен жеткізбек болған жігітті сол беті көрмеді. Себебі, оны тәртіп сақшылары тоқтатты", - деп жазған өзге пабликтердің бірінде.

Алматы Полиция департаментінің өкілі атпен тағам тасыған жігітті полицейлер тоқтатқанын мәлімдеді.

"Әкімшілік полиция басқармасының мәлімдеуінше, атқа мінген азамат мамандандырылған батальон экипажымен тоқтатылып, оған жол ережесін бұзғаны туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ережені сақтау қатаң ескертілді. Ірі мегаполис жағдайында мұндай әрекетке баруға болмайды", - дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сол арада желі қолданушылары бұл жайтқа пікірлерін жаудырған.

"Қазыға тапсырыс берген сәт", "Керемет, онда тұрған не бар? Бәрі білгенінше ақша тауып жүр", "Экологиялық таза транспорт", "Атын тәркіге алды ма?", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін біз Нұр-Сұлтан тұрғынын итімен қоса қуған сиырлар желіде жұлдыз болғанын жазған едік.

Одан бөлек, өз жеңісін өзге спортшыға бере салған жас жігіт жұрттың жүрегін елжіреткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875953-almaty-ksesini-kak-ortasynda-atka-minip-tagam-zetkizbek-bolgan-zigit-zrtty-tayrkatty/

pixel