Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда зейнеткер жалғыз өзі пикетке шықты

Опубликовано:

49655621
Кадр видеодан алынды: КТК

Оралда коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты жергілікті тұрғындар митинг өткізуге шешім қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қала билігі пандемияға байланысты жалғыз адамдық наразылық акциясын ұйымдастыруға кеңес берген. Нәтижесінде бүкіл қаланың атынан жергілікті белсенді пикетке шықты.

"COVID-19 індеті, карантин аясында бағаларды көтеру – өз халқыңа қарсы шығу! Біз әкімдіктің бұл монополистерге назар аударғанын және бағаны көтеруге жол бермеуін қалаймыз", – деді Хадиша Мұқанова.

Қыркүйек айында Оралда электр қуатына тариф өскен. 100 киловат-сағаты бірден 62 теңгеге қымбаттаған.

Оның артынан жылуға да тариф көтерілетіні мәлім болды. Олардың өтініші қазір қаралып жатыр, онда бағаның 15 пайызға өсуі көрсетілген.

Дереккөз: КТК

Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаменті аталған мәселеге пікір білдірді.

Ведомство 2021-2025 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша "Жайықжылуқуат" АҚ тарифі мен тарифтік сметасын бекітуге өтінім келіп түскенін хабарлады.

Қазіргі уақытта атлаған өтінім Табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарына сәйкес қаралуда. Сонымен бірге, уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынатын тариф пен тарифтік сметаның жобалары бойынша жария тыңдаулар өткізеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаменті аталған тарифтің тек жоба болып табылатынын жеткізді. Ведомствода мәлім еткендей, жоба мұқият қаралып жария тыңдауларға қатысушылардың пікірлері ескерілетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік астанада карантин басталғалы бері алғаш рет рұқсат етілген митинг өткенін хабарлағанбыз.

Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналғандар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етті. Сондай-ақ плакаттарда "саяси тұтқындарды босату туралы" жазбалар болған. Шараға жүзге жуық адам қатысты.

Бұған дейін Алматы әкімдігінің карантин басталғалы алғаш рет митингке рұқсат бергені хабарланған еді. Қатысушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Бейбіт жиынды өткізу мерзімі – 11.00-ден 14.00-ге дейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876041-oralda-zejnetker-zalgy-zi-piketke-sykty/

pixel