"Ақыры кетті-ау": Депутат Бюрабекованың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Парламенттің төменгі палатасының депутаты Ирина Смирнова Людмила Бюрабекованың Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. Мажилисвумен экс-вице-министрді "фармацевтика саласының дамуына тосқауыл болды" деп айыптады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ депутаттың Facebook парақшасына сілтеме жасап.
"Бұл ханым жағымсыз естеліктер қалдырды", - деп бастады өз сөзін депутат.
Смирнованың айтуынша, Бюрабекова Қазақстандағы фармацевтика саласының ғана емес, сонымен қатар отандық ғылымның дамуына да кедергі болған. Депутаттың сөзіне қарағанда, экс-вице-министр қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан дәрі-дәрмектер мен құрылғылардың клиникалық сынақтарын өткізуге тосқауыл болыпты.
"Жаңа тәсілдерді дамытуды қолдамады. Шетелде өндірілген дәрі-дәрмектерді көршілеріне қарағанда бірнеше есе жоғары бағамен таратуды қолдады",- деп жазады Смирнова.
Ол сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің экс-орынбасарын зертханалардың бір желісіндегі анализдерді 20 мың теңгеге "насихаттаған" деп айыптады.
"Ол маскалар 110 теңгеден арзан бола алмайтынын айтты. Осы жылдың жантүршігерлік жазғы кезеңінде дәрі-дәрмектердің жетіспейтіндігіне байсалдылық танытты. Ол эмоционалды интеллекттің жетіспейтіндігін, адамдардың, науқастардың тағдырына немқұрайлы қарайтынын байқатты.
Ақырында, кетті-ау. Жай ғана орнынан алынып тасталды деп ойламаймын. Мұндай іс-әрекет үшін жауап беру керек", - деп сөзін аяқтады мажилисвумен.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметінің қаулысымен Людмила Витальевна Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылған еді.
Айта кетейік, бүгін Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалған еді. Ал бұрынғы қала басшысы Нұрлан Әубәкіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876138-akyry-ketti-au-deputat-burabekovany-kyzmetinen-ketuine-katysty-pikir-bildirdi/