jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ильхам Әлиев: Біздің сарбаздар - құтқарушы жауынгерлер, армян әскерлері - басқыншылар

Фото
Фото: Oleg Nikishin/Getty Images

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жараланған әскери қызметкерлермен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қорғаныс министрлігінің орталық әскери клиникалық госпиталінде жараланған әскери қызметкерлермен кездесті.

Trend басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ол әзербайжан сарбаздарын жауынгер-құтқарушылар, ал армяндарды - басқыншылар деп атаған. Сонымен қатар, Әзербайжан басшысы Армения халқына үндеу жолдады.

"Армян халқына жүгініп, олар өздерінің басшылығының лас істерінің кепіліне айналмайтынын айтқым келеді. Жергілікті тұрғындар қазіргі уақытта өз үкіметтерін жауапқа тартсын. Балаларын Әзербайжан жеріне жібермесін. Армения сарбаздары Әзербайжан жерінде не істеп жүр? Біз туған жерімізде күресіп жатырмыз. Біздің сарбаздар мен офицерлер өз жерінде қаза тапты, өз жерінде жарақат алады және біз өз жерімізді азат етеміз", - деді Ильхам Алиев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елдімекендерді атқылағанын хабарлады.

Айта кетсек, Арменияның қорғаныс министрлігі түркиялық жойғыш ұшақ армян ұшағын Арменияның әуе кеңістігінде құлатқанын мәлімдеді.

Дегенмен Түркия билігі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі де бұл хабарламаларды жалған екенін айтты

Ильхам Әлиев: Біздің сарбаздар - құтқарушы жауынгерлер, армян әскерлері - басқыншылар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.