Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда пандемия басталғалы бері 182 медқызметкер коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

медик маска қолғап
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында елімізде пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкерінің коронавирус инфекциясынан көз жұмғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Денсаулық сақтау министрлігі 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 830 медицина қызметкерінің коронавирус пен пневмонияға шалдыққанын тіркеді. Оның ішінде 8 339 жағдай кәсіби қызметпен байланысты. Өңірлік комиссиялар 8 320 ауру жұқтыру дерегін қарап шығып, мұндай жағдайлардың 67 пайызын растады. Жалпы қазіргі таңда коронавирус жұқтыру бойынша медқызметкерлердің 88 пайызына өтемақы берілген", – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, пандемияның басынан бері Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмған.

Бүгінде өңірлік комиссиялар марқұм болған ақ халаттылардың туыстарының өтемақы алуға берген 58 өтінішін мақұлдады. Қазіргі уақытта төлемдер 36 отбасыға берілген.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулік ішінде тағы 71 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Статистика Шығыс Қазақстан облысы аурудың күн санап көбеюі бойынша көшбасшы болып қалатынын көрсетеді. Қыркүйектің соңғы күнінде аймақта коронавирустың 16 жаңа жағдайы расталған.

Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 979 адамға жетіп отыр.

Сондай-ақ Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877348-kazakstanda-pandemia-bastalgaly-beri-182-medkyzmetker-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel