Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевта қыз зорлады делінген күдікті тергеу изоляторында өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Сәтбаевта қыз зорлады делінген күдікті тергеу изоляторында өлі күйінде табылды
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап, зорлады делінген күдікті Қарағанды ​​тергеу абақтысында өмірімен қош айтысты деген ақпарат пайда болды. Ақпаратқа Қарағанды ​​облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атап айтқанда, Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасында Сәтбаевта 5 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлаған деп айыпталған күдікті Қарағанды ​​тергеу абақтысында бір күн бұрын асылып өлген деп мәлімдеді.

"Асылған оны кезекші алғаш байқаған. Күдікті 62 жаста болған. Денесінде еш жарақат жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өлу себебі – суицид. Ақпарат сенімді, ақпарат көздері фактіні растады", – деп түсіндірді олар хабарламада.

Тұтқындалушының өлімі Қарағанды ​​облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде расталды.

"6 қазанда Қарағанды ​​тергеу изоляторында жас қызды зорлады деген күдікке ілінген адамның денесі табылды. Оқиға орнына жеркен жедел жәрдем тобы өлім жағдайын тіркеді. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – суицид. Тексеру кезінде марқұмның денесінде жарақаттар табылған жоқ", – деп хабарлады департамент.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді, Қарағанды ​​полиция басқармасының тергеу-жедел тобы келді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ресми тексеру тағайындады.

Еске салсақ, бұған дейін Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған еді. Жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап еткен болатын.

Полиция қолға түсірген күдіктіге бала ұрлап, оны зорлады деген айып тағылып, қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878232-stbaevta-kyz-zorlady-delingen-kdikti-tergeu-izolatorynda-li-kjinde-tabyldy/

pixel