Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйден кеткісі келмеді": Атамбаевтың әйелі жұбайының қалай тұтқындалғанын айтты

Опубликовано:

Раиса Атамбаева
Раиса Атамбаева. Скриншот: iz.ru

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаева «Известия» басылымына күйеуінің қалай тұтқындалғаны туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Оның айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы үйден кеткісі келмеген. Раиса Атамбаева балалармен бірге асығыс кетіп қалуға тырысқанымен, алысқа барып үлгермепті.

"Ол үйден кеткісі келмеді. БТР біздің көлікке соғылды. Соқтығысудан БТР аздап біздің көлікті зақымдады. Артынша, бірнеше бронетранспортер аулаға кіріп келді. Олар арнай жабдықталған киім киіп, бетперде тағып алған", - деп есіне алды экс-президенттің жұбайы.

Атамбаева сол сәтте балаларымен бірге болғанын алға тартты.

"Мен балалармен бірге болдым. Сол сәтте Сейіт Атамбаев, Қадыр Атамбаев, Тимерлан Сұлтанбеков және көлік жүргізушісі болды. Тура жердің үстіне, асфальтқа жатықды. Арқа тұстан "Калашниковқа" ұқсас қару кезеді, қарудан хабарым жоқ, "Калашниковқа" ұқсаттым" - дейді ол.

Экс-президенттің әйелі балаларын бір сағат бойы жерде ұстағанын айтып, ренішін жеткізді.

"Жақындап келіп, тепкендер де болды", - дейді ол.

Раиса Атамбаева сонымен қатар, бір күн бұрын күйеуінің өміріне қастандық жасауға Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаровтың жақтастарының қатысы болуы мүмкін деген сыбысқа сенбейтіндігін айтты.

Атамбаева "экс-президенттің көлігіне олар оқ жаудыра қойматынын" алға тартқан.

Еске салсақ, 6 қазанға қарағант түні Бішкектегі наразылық акция кезінде бостандыққа шыққан елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 10 қазан күні қайта ұсталған еді.

Саясаткер Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалған.

Кейін экс-президенттің ұсталу сәтінен желіде видео тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879024-jden-ketkisi-kelmedi-atambaevty-jeli-zbajyny-staluyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel