Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пеш жағып ұйықтаған": ШҚО-да екі оқушы қыз иіс газынан қайтыс болды (видео)

Жарияланған күні:

Қызыл жалын
Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-да иіс газынан уланған 7 және 15 жастағы қыздар көз жұмды. Құтқарушылардың айтуынша, олардың өліміне үйдегі пеш себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жағдай Секисовка ауылында болған.

Апалы-сіңілі екеуі әпкесінің үйінде қалып, пешті өздері жағып, ұйықтап қалған. Таңертең келген әйел екі қызды ес-түссіз тапқан деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Оқиға орнына келген ақ халаттылар қыздардың уланып қайтыс болғанын тіркеген.

"Атап айтқанда, жылыту пешінің мұржасындағы түтін шығатын жерінің жабық болуы қыздардың өліміне себеп болған. Қыздар қараусыз қалып, пешті өздері жаққан", - деді ШҚО Глубоковский ауданы ТЖ басшысының міндетін атқарушы Константин Боровиков.

Айта кетсек, өңірде жыл басынан бері тұрғын үйдегі өрттің кесірінен 47 адам зардап шеккен.

"Бүгінде тұрғын үй секторындағы өрттің нәтижесінде қайтыс болғандар саны 37 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, жыл басынан бері 41 адам зардап шегіп, 9-ы қайтыс болды", - деді ШҚО ТЖД басшысы Алексей Штыкель.

Үйдегі өрт жағдайларының жиілеуі салдарынан өрт сөндірушілер күнделікті тексеріс жүргізіп жатыр. Қауіпті үйлерге иіс газына арналған датчиктер орнатылып, балалар жалғыз қалатын шаңырақтар құтқарушылардың ерекше бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тараз қаласында тұрғын үй өртке оранып, соның салдарынан екі және үш жастағы балалар қаза тапқан еді.

Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған. Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 292 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Сондай-ақ, Алматылық полицей жанып жатқан үйден зейнеткерді алып шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879212-pes-zagyp-jyktagan-sko-da-eki-okusy-kyz-iis-gazynan-kajtys-boldy-video/