Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус ақша арқылы жұға ма: Ұлттық банк жауап берді

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы департаменті директоры COVID-19 қолма-қол ақша арқылы жұғады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"COVID-19 инфекциясының қағаз ақшада "өмір сүру" уақытына қатысты бірнеше нұсқа бар. Кейбір ақпар бойынша, бөлмедегі температурада вирус 28 күнге дейін, ал басқа деректер бойынша 24 сағатқа дейін сақталады. Еуропалық Орталық Банкінің мәліметінше, COVID-19 іздері қағаз ақшадан бірнеше сағатта-ақ жоғалып кетеді.

Біздің көзқарасымызға сәйкес, қағаз ақшадағы вирустың өмір сүру ұзақтығы туралы мәселе нақты ақпарға қол жеткізу үшін ары қарай зерттеуді талап етеді.

Ал Ұлттық банк қағаз ақшаны қайта айналымға жіберу үшін банкілік қаптамада 14 күннен көп уақыт ұстайды. Содан кейін ғана мамандар ақшаны сұрыптау мен есептеуге көшеді.

Банкноттарда вирустың өмір сүру ұзақтығы бойынша әртүрлі нұсқалардың болуын ескере отырып, алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта есептелгенге дейін ашылмай 45 күн сақталады. Сондықтан, Ұлттық Банктен айналымға түсетін банкноттарда COVID-19 болу ықтималдығы өте төмен.

Біздің ұсыныстарымызға сәйкес екінші деңгейдегі банктер, "Қазпошта" АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы өңдеуді жүзеге асырады. Өз тарапымыздан, ДДСҰ және Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарын, сондай – ақ барлық уақытта қолданылатын ақылға қонымды кеңестерді назарға алуға- гигиена ережелерін сақтауға, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға кеңес береміз",- деді банкте.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 70 адамнан коронавирус анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879247-koronavirus-aksa-arkyly-zga-ma-lttyk-bank-zauap-berdi/

pixel