Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай қайта енгізіле ме

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде коронавирус жұқтыру жағдайы көбейсе, қайта төтенше жағдай режимі енгізіле ме? Бұл сауалға денсаулық сақтау министрі ОКҚ-дағы онлайн брифинг барысында жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды үнемі талдап отыратынын жеткізді.

Министр Еуропа елдерінде және көршілес елдерде аурудың өсімі байқалатынын айтты. Мәселен ТМД елдерінде сырқаттану деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда 11 есе жоғары.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері біздің елімізде ауру жұқтыру жағдайы көбейген кезде қайта төтенше жағдай режимін енгізу мүмкін бе деп сұрады.

Министр бұған жауап ретінде барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін жеткізді.

"Егер эпидемиологиялық жағдай қажет етсе, төтенше жағдай режимі енгізіледі", – деді Алексей Цой.

Ол "елдегі тұрақтылықты" сақтауға болатынына үмітпен қарайтынын білдірді. Айтуынша, бұл адамдардың санитарлық қауіпсіздік шараларын, оның ішінде маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты қалай сақтайтынына байланысты.

"Егер біз мұның бәрін жасасақ, онда екінші толқыннан карантинсіз шығуға мүмкіндігіміз бар. Егер біздің азаматтар бетпердесіз жүрсе, адамдар жаппай жиналса, оған қоса мекемелер рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істегені жайлы жайттар кездесіп жатады. Міне, осындай жағдай туындаса, карантиндік шаралар қатаң шараларға дейін күшейтілуі мүмкін. Өкінішке қарай, инфекция талғамайды және адамнан адамға жұғады", – деп қорытындылады денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар Алексей Цой жыл соңына қарай қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет төмендеп, вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін екенін айтты.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 83 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Осылайша елдегі коронавирус жұқтырғандар саны 108 984-ке жетіп отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 26 наурыз бен 11 мамыр аралығында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі болды. Сонда табысы жоқ көптеген қазақстандыққа 42,5 мың теңге төленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879519-kazakstanda-koronaviruska-bajlanysty-ttense-zagdaj-kajta-engizile-me/

pixel