Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин: Қазақстанда қалалар қай уақыттан бастап жабылады

Опубликовано:

блок бекет 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте қазақстандық қалалар қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты. Алексей Цойдың сөзінше, қатаң карантинді болдырмау мүмкіндіктері бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистер денсаулық сақтау министрінен Қазақстанда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарласа, локдаун енгізудің негізгі критерийлерін атауды сұрады. Цой үкіметтің негізгі тапсырмасы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі, әкімдіктер мен қоғам белсенділері қоғамдық орындар мен нысандардағы санитарлық режимді бақылап жүр.

"Егер режимдер толық орындалмаса, қаламасақ та, қалаларды жабуға тура келеді. Шамамен есептесек, желтоқсан мен қаңтар айында. Егер біз қазір қатаң шараларды қолдансақ, халық денсаулығын қорғау үшін әрқайсымыз атсалыссақ, қатаң локдаунды болдырмау мүмкіндігі бар. Бірақ, ол үшін біз қазір елде енгізілген шектеулерді қатаң сақтауымыз керек", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды үнемі талдап отыратынын жеткізген еді.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері біздің елімізде ауру жұқтыру жағдайы көбейген кезде қайта төтенше жағдай режимін енгізу мүмкін бе деп сұраған болатын.

Министр бұған жауап ретінде барлығы эпиджағдайға байланысты екенін жеткізді.

"Егер эпидемиологиялық жағдай қажет етсе, төтенше жағдай режимі енгізіледі", – деді Алексей Цой.

Айта кетейік, Қазақстан коронавирус инфекциясымен күресу үшін Азия Даму Банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен несие алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879545-kazakstanda-kalalar-kaj-uakyttan-bastap-zabylady/

pixel