Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда полицей 1,5 млн теңгенің жанармайын жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы қызметтік көлігінің жанында
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ПД жол-патрульді полициясы полкі командирінің орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Биғайдаровтың сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласының полицейі тергеуге алынған.

Болжам бойынша, 2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қойылған міндеттерді бұза отырып, басқа адамдармен топтасып, 1,5 миллионнан астам сомада жанармай талондарын заңсыз есептен шығаруды жүзеге асырған.

Жанармайды қаланы патрульдеу үшін елорданың басқа полицейлері пайдалануы керек еді.

Іс бойынша айыпталушылар жанар-жағармай материалдарын жанармай құю бекеттерінде біреудің орнына қойылған адам мен компаниялар арқылы сатқан деп болжануда.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері жетекшілерінің үстінен ұжымдық арыз жазған болатын. Полицейлер басшылық тарапынан психологиялық қысым жасалатынын айтқан еді.

Оған қоса, әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерінің үндеуі жарияланды. Айтуынша, бастығы жерлеу рәсіміне байланысты тұтқындалған азаматты босатуға мәжбүрлеген.

Сондай-ақ, Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігі академиясының курсанттары топтасып төбелесті деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз. Бұл ақпаратты қазір арнайы комиссия тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880042-nr-sltanda-policej-15-mln-tegeni-zanarmajyn-zymkyrdy-degen-kdikke-ilindi/

pixel