jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қамалжан Надыров қызметінен неліктен кеткенін айтып берді

    Қамалжан Надыров
    Қамалжан Надыров. Фото: toppress.kz

    Қамалжан Надыров Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымынан не үшін кеткенін айтты. Экс-басшы жаңа қызметке тағайындалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Надыров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

    Оның айтуынша, аз уақыт ішінде көптеген жұмыс атқарылған. Осы орайда, Надыров қала әкімінің қолдауы мен белсенділігін атап өтті.

    Сонымен, ҚДСБ-ның бұрынғы басшысы олардың осы уақыт аралығында не істей алғанын атап өтті: денсаулық сақтау жүйесін пандемия жағдайында жұмыс істеуге бейімдеп, қаланың медициналық ұйымдарын COVID-19 эпидемиясының түрлі даму сценарийлеріне дайындау.

    "Қалада алгоритмдер жасалды және халыққа медициналық көмек көрсетуге қатысқан алдыңғы шептегінің барлығына нақты іс-қимылдар әзірленді. Әр дәрігерде қабылданған шаралардың арқасында вирусты жеңуге болады деген сенімділік пайда болды. Барлық тапсырмалар орындалды!", – деп жазады Надыров.

    Ол сонымен қатар 7200 төсек-орын сыйымдылығы бар COVID-19-ды емдеуге қалада 32 аурухана дайын екенін, оның 250-і жансақтау бөлімшелері екенін айтты.

    "Осылайша, соңғы үш айда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын саны екі есеге өсті, медициналық көмектің сапасын арттыру үшін барлық ауруханаларды эшелонға бөлу қағидаты енгізілді. COVID-19, ЖРВИ, пневмониямен ауыратын науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмі жетілдірілді", – деді Надыров.

    Ол клиникалардың жаңаруы мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және мобильді топтар ретінде жеке құрамның қалыптасуын атап өтті.

    Надыров жинақталған тәжірибе одан әрі жұмыс істеуге пайдалы болатынын айтты және Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақтануы тұрғындар мен медицина қызметкерлері көрсеткен ынтымақтастықтың нәтижесі екенін түрте кетті.

    Еске салсақ, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қызметінен кеткені туралы жазған едік.

    Айта кеткен жөн, Лондон университетінің колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавирустың жаңа симптомын атады.

    Қамалжан Надыров қызметінен неліктен кеткенін айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.