Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят қой": Қонаевтың ескерткіші көпшілікке жақпай қалды

Опубликовано:

Д.Қонаевтың ескерткіші
Фото: facebook.com/murataben

Алматы облысы Бақанас ауылына қойылып жатқан мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің фотосы әлеуметтік желіні шарлап кетті. Тарихи тұлғаның бейнесі көпшіліктің көңілінен шықпаған. KAZ.NUR.KZ порталының тілшісі аталмыш мәдени ескерткішке қатысты ақпарды әкімдік қызметкерлерінен сұрап білді.

Facebook-те желі қолданушылары ескерткіштің пропорциясы сақталмағына қынжылуда. Олар Қонаев ескерткішін мазақ қылған авторды сынға алды.

«Мынаның авторының Қонаевтың кім екенінен хабары жоқ сияқты ғой?! Масқара!», - дейді желі қолданушысы. Олардың ойынша мүсіннен адамның ойы мен мұңы көрініп тұру керек.

«Ұят екен, пропорция жоқ», - деп жазады тағы бір желі қолданушысы.

Алматы облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы ескерткіштің демеушілердің қаражатына қойылып жатқанын айтады.

"2020 жылы 15 қазанда Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ескерткішін қою бойынша барлық сәйкес құжаттарды облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау комиссиясы қарап, мақұлдады.

Содан кейін барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату бойынша мемлекеттік комиссиясының қарауына Нұр-сұлтан қаласына жіберілді.

Қазіргі уақытта Балқаш ауданы Бақанас ауылында бастапқы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ескерткішті демеушілер қаржыландырып отыр", - дейді Алматы облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы.

Ескерткіші Бақанас ауылындағы Қонаев атындағы саябақта қойылуда.

Балқаш ауданы әкімдігі ескерткіш авторы туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

"Мүсінші туралы ақпарат бере алмаймыз, өйткені ескерткіш әкімдік қаражатына емес, жеке демеушілердің қаражатына тұрғызылып жатыр. Біздің білуімізше, ескерткіш әлі толық біткен жоқ. Егер бюджеттен қаржы бөлінсе, оның ресми ашылу салтанатын жасар едік", - дейді Балқаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Кейіннен облыс әкімдігі хабарлағандай, бүгін Д.А.Қонаевқа қойылған ескерткіштің кемшіліктерін, ескерткіштерді орнату тәртібіндегі бұзушылықтарды анықтау үшін құрамында облыстық Тарихи мұра ескерткіштер орталығының директоры, басқарманың бөлім басшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, облыстық галерея директоры, Алматы қаласынан тәуелсіз эксперт-мүсіншісі бар жұмысшы тобы Балқаш ауданы Бақанас ауылына іс-сапарға шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880681-almaty-oblysyndagy-konaevty-eskertkisi-kpsilikke-zakpaj-kaldy/

pixel