Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Әйелдер төсекте оргазм алу үшін не істеу керек

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: ВКонтакте

Әйелдер көп ашуланып, ештеңеге көңілі толмай жүрсе, оған бір себеп төсекте тояттамау болуы әбден мүмкін. Иә, оргазм! Бұл дегеніміз-шексіз рахаттану яғни, тоят алған сезіммен сипатталатын сексуалды қозудың соңы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жыныстық қатынасты тек бала туу үшін болатын құбылыс деп түсінбеу керек. Төсектегі "ойын" сізді қорқыныш пен қу тіршіліктің қамынан бір уақыт суырып алып, нәзік жаныңызды тыныштандыратын күшке ие.

Бірақ, кейде әйелдер оның ең жоғары нүктесіне жете алмай қалады. Әсіресе, ұяң қазақ әйелінде бұл жиі болатын жағдай. Ондай кезде сізді жыныстық қатынас жалықтыра бастауы әбден мүмкін! Оның салдарынан серігіңізге қызықсыз болып қалуыңыз ғажап емес!

Тояттай алмауға не себеп?

Оған бірнеше себеп іздеп табуға болады. Мысалы, қыз балада бірінші төсек қатынасынан қалған қорқыныш, басқа нәрсені ойлап тұру, сүйіктісіне сенбеу, психологиялық комплекс сияқты түрлі жайттардың болуы.

Тояттау үшін не істеу керек?

Алдымен, әйел өмірінде бір рет болсын оргазмге жетті ме дегенді анықтау керек. (Кейде әйелдер оргазмге тек мастурбация арқылы қол жеткізуі мүмкін екен). Ондай жағдай болса, түзеу үшін біраз уақыт кетуі мүмкін. Негізінен, әйелдер өзінің төсектегі серіктесімен ашық сөйлесе білуі қажет-ақ. Содан кейін ғана, біріге отырып амалын қарастыруға болады. Мысалы, басқаша тәсілдерге көшу. Әйел өзіне жыныстық қатынастың қалай болғаны ұнайтынын, денесінің қай тұсы сезімтал екенін анықтап, әрі еріне оны айтудан жасқанбағаны абзал. Әрине, астарлап айтасыз!

Одан кейін үй мен жұмыстың мәселелерін ойламай, аз уақытқа болсын өзіңізді босатыңыз. Сүйіктіңізге сеніңіз!

Кей әйелдер өзін төмен бағалауының кесірінен де тояттауға қолы жетпейді. Олардың ойында "Мен ұсқынсызбын", "Менің бояуым кетіп қалмады ма?", "Менің мүсінім әдемі емес" деген сынды "сандырақтар" өріп жүреді.

Жыныстық қатынас- бұл олимпиада сияқты. Жеңу ғана емес, қатысу да мәртебе! 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1880759-18-jelder-tsekte-orgazm-alu-sin-ne-isteu-kerek/

pixel