Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік судья өзіне лайк баспаған әріптестеріне ренжіп қалды (фото)

Опубликовано:

Абинұр Қарабаев
Фото: otyrar.kz

Шымкенттік судья әлеуметтік желідегі жазбасына лайк баспаған әріптестеріне ренжіп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үшінші мегаполисте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Абинұр Қарабаев жазбасына лайк баспағаны үшін әріптестеріне ренішін білдірді. Ол назын Facebook парақшасында жеткізді деп жазады Baigenews.kz.

"Мен үнемі әріптестерімді қолдауға тырысамын. Лайк басамын, бөлісемін, өз пікірімді қалдырамын. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет алқабилер соты туралы бір жазба жарияладым. Алайда, мен белгілеген әріптестерім мені қолдамады. Енді мен де оларға қолдау көрсетпеймін",- деді Қарабаев.
Шымкенттік судья
Скриншот: Baigenews.kz

Бұл жазбаға желідегі көптеген қолданушы қолдау білдірді. Судьялар, адвокаттар Абинұр Қарабаевтың жазбаларын оқитынын айтып, судьядан әріптестеріне ренжімеуді сұраған. Ал пост көп ұзамай парақшадан өшірілген.

Elitar.kz басылымының ақпарынша, Абинұр Қарабаевтың алқабилер жайлы жазбасы үш күн бұрын, 18 қазанда жарияланған. Постқа 40 адам лайк басып, 10 адам пікір қалдырған, 34 адам бөліскен. Бірақ, жазбаға жауап жазғандар қатарында шымкенттік судяның әріптестері болмаса керек.

Айта кетейік, Қарасай аудандық сотының судьясы блок-бекеттегі жол апаты бойынша Азат Азаматовқа шығарылған сот үкімін түсіндірді. Ол экс-полицейдің кінәсі толығымен куәгерлердің сөзімен, сараптама қорытындысымен дәлелденгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880803-symkenttik-suda-zine-lajk-baspagan-riptesterine-renzip-kaldy-foto/

pixel