Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші тоқсанда қазақстандық оқушылар қандай форматта оқиды

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят екінші тоқсанда оқушылар қандай форматта оқитынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

"Балалардың мектепке баруы жөнінде мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде жұмыс жүргізуде. Ол комиссияның құрамына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де енеді. Сол себепті бұл сұрақ кейін шешілетін болады", - деді Ажар Ғинаят.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап беріп, шешімді Денсаулық сақтау министрлігінен күтіп отырғанын хабарлаған еді.

"Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деген болатын БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

Айта кетейік, көршілес Ресейде қашықтан жұмыс істеп, ең жоғары жалақы алатын мамандықтар рейтингінде 1С талдамашы-бағдарламашы көш бастады. Оның жалақысы айына 270 мың рубльді құрайды.

Қашықтан жұмыс істейтін жобадағы сыртқы экономикалық қызмет менеджері айына 200 мың рубльден астам табыс таба алады. Үміткерлерден кемінде 5 жыл еңбек өтілі мен келіссөздер жүргізу үшін шет тілдерді жақсы меңгеруі талап етіледі.

Үшінші орында – қашықтан жұмыс істейтін Сберавто ЖШС-нің Backend-әзірлеушісі. Оған айына 180 мың рубль жалақы қарастырылған. Ол үшін үміткердің кемінде үш жыл еңбек өтілі болуы, Golang бағдарламалау әдісін меңгеруі, сондай-ақ Docker және Kubernetes бағдарламалық жасақтамаларын пайдалана білуі шарт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880901-ekinsi-toksanda-okusylar-kandaj-formatta-okidy/

pixel