Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиднейде Бораттың алып мүсіні қойылып, еліміздің туын көтергендер флешмоб биледі (фото, видео)

Опубликовано:

Борат
Фото: concreteplayground.com

Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылды деп жазады PerthNow басылымы.

Фильмнің тұсаукесері алдында жасалған іс-шара Австралияның ең танымал Бонди жағажайында өткен. Маскини мен бетперде киген қырық ер адам таңғы уақытта жағажайдағы көпшіліктің назарын өзіне аударған.

Борат
Фото: Brook Mitchell/Getty Images

Одан бөлек, алты метрге жететін Бораттың алып мүсіні Маккензис-Пойнтқа тікұшақпен жеткізілген. Бұл жайтқа қатысты түсініктеме беру мақсатында Бораттың рөлін сомдайтын актер Барон Коэн бейнебайланыспен көпшілікке мәлімдеме жасаған.

Борат
Фото: Brook Mitchell/Getty Images

"Бұл мүсін Мельбурндегі қонақүйлердің бірінде 14 күн бойы карантинде болды. Ол COVID жұқтырмаған, алайда төрт күзетшімен сексуалдық қатынасқа түскеннен кейін мүсін мерез дертін жұқтырып алды", - деп түсіндірді Коэн.

Борат
Фото: Brook Mitchell/Getty Images

Атышулы фильмнің Amazon Prime-да бүгін 23 қазан күні шығатыны белгілі болды.

Видеодан Қазақстан туын көтерген Борат кейпіндегі қырық жігіттің жағажайда флешмоб ұйымдастырып, Қазақстанның туын қолға алып, билеп жүргенін және алып мүсіннің жағажайға тікұшақтың көмегімен қойылып жатқанын байқауға болады. Видеоны көрген қазақстандықтар фильмнің шығуына қарсылық білдіріп, сын-пікірлер жаудыруда.

Алып мүсіннің тек 24 сағатқа ғана қойылғаны анықталды деп жазады concreteplayground.com.

Бұл фильмді жарнамалау әдістерінің бірі болуы керек. Маркс саябағында қойылған мүсін бүгін 23 қазан күні сағат күндізгі 11-ге дейін тұрады.

Сол арада Бораттың желмен үрленген тағы бір мүсіні Ұлыбританияның Темза өзенімен жүзіп өткен деп жазады nme.com.

Борат
Фото: secretldn.com

Twitter қолданушысы бұл жайттың суреттерімен бөліскен.

Одан бөлек Бораттың жарнамалары бар барлық орындар арнайы картаға тіркелген екен.

Фильм әлемнің 240 елінде көрсетілмек.

Еске салсақ, бұған дейін біз атышулы "Борат" фильмінің жалғасы туралы тың ақпарат жария болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Нью-Йорктегі қазақ-полицей "Борат-2"-ге қарсы митингке шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881052-avstraliada-boratty-alyp-msini-ornatylyp-elimizdi-tuyn-ktergender-flesmob-biledi-foto-video/

pixel