RU

Қазақстанда тағы 179 адамнан коронавирус анықталды

Бетперде2
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 179 адам тіркелген деп хабарлайды coronavirus2020.kz ресми сайты.

"Қазақстанда өткен тәулікте 179 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 20

Алматы қаласы - 44

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 10

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 6

Атырау облысы - 9

Шығыс Қазақстан облысы - 20

Жамбыл облысы - 3

Батыс Қазақстан облысы - 8

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 6

Қызылорда облысы - 2

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 20

Солтүстік Қазақстан облысы - 10

Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 110 086-ға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қатысты қала тұрғындарына үндеу жасап, халықты босаңсымауға шақырған еді. Себебі вирус ешқайда кеткен жоқ.

Көлгіновтің сөзінше, шаһарда қазір COVID-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды.

Сонымен қатар халықаралық әуе рейстерімен келетін қазақстандық жолаушыларға қосымша карантиндік шектеулер енгізілгенін хабарланған болатын.

Жаңа ережеге сай, енді 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін мерзімі 72 сағаттан аспаған, коронавирусқа тапсырған тестінің анықтамасы болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881059-kazakstanda-tagy-179-adamnan-koronavirus-anyktaldy/