"Шектен шықты": Дина Төлепберген министрліктен Боратқа шара қолдануды талап етті
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген Боратты қолдап, Қазақстанның көк туымен флешмоб ұйымдастырғандарға шүйлікті. Ақпарат өкілі бұл мәселе шектен шығып кеткенін алға тартып, сыртқы істер министрлігіне шара қолдануды талап етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дина Төлепберген Аустралия мен Англияда өткен Борат жанкүйерлерінің флешмобына деген өз наразылығын ашық білдірді. Ашуға булыққан тележүргізуші Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, сыртқы істер министріне ушығып кеткен мәселеге шара қолдануды талап етті.
Ол Бораттың жақтастары оған ескерткіш орнатып, еліміздің көк туын қорлап жатқаны шектен шығу болып табыланытын айтты.
"Мынау енді шектен шығу.Ұлттық символды қорлау. Бүгін Аустралияда Бораттың тас мүсіні орнатылып, оны қолдаушылардың флешмобы өтті. Би билеген еркектерде шаруам жоқ, бірақ Туымызды ұстауға олардың құқы жоқ. Лондонда Бораттың үрленген қуыршағының жанында да жалауымыз желбіреп тұрды. Сыртқы істер министрінің шара қолдануын талап етемін" , - деп жазды Дина Төлепберген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сиднейде Бораттың алып мүсіні қойылып, еліміздің туын көтергендер флешмоб билегенін жазған болатынбыз.
Фильмнің тұсаукесері алдында жасалған іс-шара Австралияның ең танымал Бонди жағажайында өткен. Маскини мен бетперде киген қырық ер адам таңғы уақытта жағажайдағы көпшіліктің назарын өзіне аударған.
Одан бөлек, Нью-Йорктегі қазақ-полицей "Борат-2"-ге қарсы митингке шыққанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881113-sekten-sykty-dina-tlepbergen-ministrlikten-boratka-katysty-sara-koldanudy-talap-etti/