Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал дәрігер коронавирус жұқтырған адамды оңай анықтаудың жолын көрсетті

Опубликовано:

ауру белгісі маска
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ресейлік танымал дәрігер Евгений Комаровский коронавирусқа шалдыққан адамды анықтаудың оңай тәсілін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігер өзінің telegram-арнасында иіс пен дәм сезу қабілетінің жоғалуы COVID-19 індетінің айқын белгілері екенін атап өтті.

"Сондықтан да дәл осы белгілерді диагностикалық деп есептеуге болады. Бұл кез келген термометриядан нақты", – деді Комаровский.

Оның айтуынша, мұндай жағдай инфекцияның иіс пен дәм сезу қабілеттеріне жауапты жүйке жасушаларын зақымдауынан туындайды.

Айта кетейік, бұған дейін Франция премьер-министрі Жан Кастекс коронавирус инфекциясының жылдам таралуына байланысты жұма күннен бастап коменданттық сағат тағы 38 департаментте енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Францияда 21 қазанда коронавирус инфекциясының рекордтық көрсеткіші тіркелген – 41 662 адам ауру жұқтырды.

Премьер-министр шектеу шараларының 46 млн адамның (Франция халқының үштен екісі) күн тәртібіне әсер ететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ 23 қазанға қараған түні Мысырдан ПТР анықтамасыз келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны карантиндік стационарға жеткізетін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кеткенін хабарлағанбыз.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпарына сәйкес, көлік полициясының қызметкерлері аталған азаматтардың орналасқан жерін дереу анықтап, тәртіп бұзушыларды карантиндік стационарға жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881163-tanymal-driger-koronavirus-zktyrgan-adamdy-oaj-anyktaudy-zolyn-krsetti/

pixel