Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырдан келген екі қазақстандық Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кетті

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін түнде Мысырдан ПТР анықтамасыз келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны карантиндік стационарға жеткізетін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпарына сәйкес, Көлік полициясының қызметкерлері аталған азаматтардың орналасқан жерін дереу анықтап, тәртіп бұзушыларды карантиндік стационарға жеткізген.

23 қазанға қараған түні Қазақстанға 11 халықаралық әуе рейсімен 1291 жолаушы келген, оның ішінде 329 адамда ПТР анықтама болмаған.

Жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 179 адам тіркелді.

Ал бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қатысты қала тұрғындарына үндеу жасап, халықты босаңсымауға шақырған еді. Себебі вирус ешқайда кеткен жоқ деген еді ол. Көлгіновтің сөзінше, шаһарда қазір COVID-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды.

Сонымен қатар, халықаралық әуе рейстерімен келетін қазақстандық жолаушыларға қосымша карантиндік шектеулер енгізілгенін хабарланған болатын.

Жаңа ережеге сай, енді 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін мерзімі 72 сағаттан аспаған, коронавирусқа тапсырған тестінің анықтамасы болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881117-mysyrdan-kelgen-eki-kazakstandyk-nr-sltan-uezajynan-kasyp-ketti/

pixel