Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туымды мақтан етемін": Қазақстандықтар ерекше флешмоб бастады (фото)

Опубликовано:

Қазақстан туы
Көрнекі фото: zerkalo-gazeta.com

Әлеуметтік желілерде жаңа флешмоб кеңінен тарап кетті. Қазақстандықтар мемлекеттік туымызбен түскен суреттерін "Мен туымды мақтан етемін" хэштегімен өз парақшаларында жариялауда. Бастамаға танымал спортшылар мен блогерлер белсенді қатысып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске салсақ, Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған болатын.

Фильмнің тұсаукесері алдында жасалған іс-шара Австралияның ең танымал Бонди жағажайында өткен. Маскини мен бетперде киген қырық ер адам таңғы уақытта жағажайдағы көпшіліктің назарын өзіне аударған.

Жағажайда Борат кейпіндегі қырық жігіттің жағажайда флешмоб ұйымдастырып, Қазақстанның туын қолға алып, билеп жүргенін және алып мүсіннің жағажайға тікұшақтың көмегімен қойылып жатқанын байқауға болады.

Видеоны көрген қазақстандықтар фильмнің шығуына қарсылық білдіріп, сын-пікірлер жаудыруда. Олардың қатарында отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген бар. Оның айтуынша, Бораттың жақтастары оған ескерткіш орнатып, еліміздің көк туын қорлап жатқаны шектен шығу болып табылады.

Ашуға булыққан тележүргізуші Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, сыртқы істер министріне ушығып кеткен мәселеге шара қолдануды талап етті.

Қазақстандықтар Сиднейдегі оқиғаға әлеуметтік желілерде "Мен туымды мақтан етемін" флешмобын іске қосу арқылы өз наразылықтарын білдірді. Жүздеген қолданушы мемлекеттік рәміздің суретін өз парақшаларында жариялап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881182-tuymdy-maktan-etemin-kazakstandyktar-erekse-flesmob-bastady-foto/

pixel