Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕҰУ мен «Қазақ радиолары» меморандумға қол қойды

Опубликовано:

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі
Фото: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақ радиолары» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісім кадрларды даярлау, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мен тәжірибе алмасу саласындағы шығармашылық және өндірістік қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған.

Құжатқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және «Қазақ радиолары» ЖШС-нің Бас директоры Ернұр Бурахан қол қойды.

Іс-шараға «Қазақ радиосының» бас редакторы Қымбат Досжан, «Қазақ радиолары» ЖШС стратегиялық даму қызметінің басшысы Мұхамедияр Рашай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, сондай-ақ факультеттің кафедра меңгерушілері Серікзат Дүйсенғазы, Индира Рыстина және Гүлмира Әшірбекова қатысты.

Кіріспе сөз барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов екі жақты меморандумға қол қою – жоғары білікті кадрларды даярлау сапасын арттыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бастауы болатын тараптар үшін маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар меморандум аясындағы өзара іс-қимыл бірлескен іс-шараларды өткізуге, студенттердіңөндірістік тәжірибеден өту кезінде оларға жағдай жасауға және жаңа жобалармен жұмыс істеулеріне бағытталатынын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Бурахан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен бірге тәулік бойы жұмыс істейтін онлайн-радио құруды ұсынды. Оның айтуынша, үздік жұмыстар отандық радиостанциялардың эфиріне шығып қана қоймай, жақсы хабардың авторлары ертеңгі күні жұмысқа орналасуға да мүмкіндік алады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар отандық ғылымды өркендетіп, жастар мәселесін шешу туралы ортақ пікірге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881236-eu-men-kazak-radiolary-memorandumga-kol-kojdy/

pixel