Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш рет тегін өзгерткен": Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды

Опубликовано:

кісен1
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алты фактісіне қатысы бар әйелді ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, соңғы аптада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне жақын маңдағы елді мекендердегі азық-түлік дүкендерінің алты сатушысы арызданған.

Олардың айтуынша, бейтаныс әйел өзін дүкен иелерінің туысы ретінде таныстырып және алдау жолымен сенімге кіру арқылы түрлі маркалы темекі блоктарын қолды қылып, басқа адамдарға қайта сатқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған.

Тексеру барысында оның тегін үш рет өзгертіп, алаяқтық әрекеттері үшін 13 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, сонымен қатар еш жерде жұмыс істемейтіні анықталған.

Күдікті алты алаяқтықтық деректі де мойындаған. Аталған деректер бойынша ҚК 190-бабының 3, 4-тармақтары (Алаяқтық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысын анықтау мақсатында осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына 8 (72755)  4-14-94 және 4-01-16 телефондары арқылы хабарласуға болатынын ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адамның ұсталғанын жазған едік.

Сонымен қатар Тараздың 40 жастағы тұрғыны бірнеше адамнан 90 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен алды деп айыпталып жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881257-s-ret-tegin-zgertken-almaty-oblysynda-kki-alaak-staldy/

pixel