RU

Көкшетауда ер адам күзетшіні байлап, фирмадан 22 млн теңге ұрлап кеткен

165132
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда 23 қазанға қараған түні белгісіз біреу фирмадан 22 миллион теңге ұрлап кеткен. Бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түнде қара маска киген ер адам терезені сындырып, парфюмерлік өнімдердің көтерме саудасымен айналысатын фирмаға кірген.

Ол күзетшіні байлап, сейфтен 22 миллион теңгеден астам ақшаны алып, ізін жасырған. Сол түні полицияға аталған оқиға туралы хабар түсті.

Жедел топ құрылып, тергеу барысын полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин өз бақылауына алды.

24 қазанға қараған түні күдікті Нұр-Сұлтан қаласында қолға түскен. Ол 23 жастағы Зеренді ауданының тұрғыны болып шықты. Бұрын сотталмаған, қазіргі уақытта жұмыссыз.

Өзімен бірге күдіктіден 22 миллион теңге табылды. Анықталғандай, ол бірнеше күн бойы фирмаға келіп, жұмыс кестесі мен кабинеттердің орналасқан жерін зерттеген.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Алматы облысында бұған дейін 13 рет істі болған жүкті әйелдің тағы да қолға түскенін хабарлағанбыз.

Полицейлер күдікті әйелдің кәмелетке толмаған баласы барын және жүктіліктің алтыншы айында екенін ескере отырып, оған тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде алдын-алу шарасын қолданған.

Естеріңізде болса, бұған дейін Алматыда мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған ер адамды уақытша ұстау изоляторына тоғытылғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881352-kksetauda-er-adam-kzetsini-bajlap-firmadan-22-mln-tege-rlap-ketken/